Мұғалімдер күні – жылдың ең тамаша, мерейлі күні. Мектепте оқыған адамдардың бәрі ұстаздардың біздің өмірімізде қаншалықты маңызы бар екенін жақсы түсінеді. Ұстаздан ұлағат, ұстаздан алғашқы және өмір бойлық білім алатынымыз хақ. 5 қазан күні Атбасар қ. аудандық мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Бұл күні жиналғандар ортасында жанға жайлы атмосфера орнап, керемет көңіл-күй мен позитивті эмоцияға бөледі. толы болды. Ұстаздар тарапына арналған жылы лебіздер, асқан ойлар тамаша музыкалық нөмірлермен қошталды. Дәл осы күні, дәл осы сәтте әлемдегі барлық асыл сөз, жылы лебіз, шынайы тілек салтанат шеруге қатысушы ұстаздарға, тәрбиешілерге, білім беру ұйымдарының басшыларына арналды. Ұстаз еңбегі, кәсібилігі, шеберлігі мен шығармашылығы баға жетпейтін құндылық десек, артық айтпаймыз. Әр адам өз ұстазына оның майталман еңбегі, өшпес өнегесі, еңбегінің жоғары нәтижесі үшін шексіз алқыста болып жатса, бұл артық емес. Сахна төрінен қоғам алдындағы басты міндеті- өз елінің лайықты азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу болып табылатын педагогтарға алқыс сөздер жолданды. Еңбектегі жемістері және көп жылғы маңдай алды еңбегі үшін ағылшын тілінің мұғалімі Нурманова Алия Нурлановнаға Ақмола облысы «Нұр Отан» партиясы филиалының Алғыс хаты тапсырылды. Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Исина Гульназ Рысбаевна Атбасар ауданы әкімінің Алғыс хатымен, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі Позднякова Татьяна Викторовна Атбасар қаласы әкімінің Грамотасымен марапатталды.
Ұжымның бірлескен педагогикалық еңбегі, шығармашылық шеберлігі, әр педагогтың таусылмас таланты жоғары марапат нәтижесі болып табылады. Атбасар ауданының білім беру ұйымдарының арасында «Атбасар қаласы № 1 ОМ» КММ жүлделі 1 орын иеленді. Педагогтарды, ата-аналарды, оқушыларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Педагог мамандығы шын мәнінде ізгілікті. Осы мерекелік күнде оқушылардыңыздың шынайы алғысы Сіздер үшін нағыз лайықты марапат болсын.