Текст
2021 жылдың 27 қарашасында №1 жалпы білім беру мектебінің оқушылары Тұңғыш Президент күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан ашық қалалық турнирге белсенді қатысты. Аймақтық ойындар№5 ЖББМ өтті, барлық ойындар жақсы өткізілді. Барлық командалар лайықты деңгейде ойнады. Біздің мектептің намысын 9 "В" сынып оқушысы Алиев Эмиль, 8 "А" сынып оқушысы Диль Никита, 10 сынып оқушысы Бимендин Ансар, 8 "А" сынып оқушысы Смағұлов Ильяс, 8 "А" сынып оқушысы Слепченко Андрей, 10 сынып оқушысы Балтыбаев Ильяс, 9 "В" сынып оқушысы Мельников Дмитрий, 10 сынып оқушысы Бисембеков Алмас, 8 "А" сынып оқушысы Долгиев Макшарип қорғады. Кіші топта 3 орын алдық.