Текст
Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес сараптамалық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында «педагог-модератор» біліктілік санатына үміткер педагогтардың оқу-әдістемелік материалдары тыңдалды.
Сараптамалық комиссия мүшелері ұсынылған әзірлемелерді қарап, олардың қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізділігін бағалады. Педагогикалық қызметтің нәтижелілігі мен заманауи білім беру технологияларын енгізуге ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған педагогтардың оң тәжірибесі атап өтілді.
