Қазіргі күнгі мемлекеттік білім беру жүйесі даму кезеңінде қайта жаңғыруды бастан, жаңаша өзрегістерді өткеруде. Дегенмен, білім беру жүйесінде қаншама реформалар мен өзгерістер болып жатса да, оның барлық іс нақты адам-мектеп мұғалімімен байланысты екеніне күмән жоқ. Сондықтан да педагог жаңалықтар мен жаңашылдықтарды іс тәжірибе жүзінде іске асырушы басты фигура болып қала бермек. Өз алдына жаңаша жағдайда қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог қажетті кәсібіи біліммен, біліктілікпен, шеберлікпен, құзыреттілікпен қаруланған болу керек. Жыл сайын біздің ауданымызда педагоикалық шеберлік конкурсы өткізіледі. Былғы, кезекті «Үздік педагог-2019» аудандық конкурсының жаңалығы ол конкурс ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында өткізілді. аталмыш конкурста біздің мектебіміздің намысын Нурманова Алия Нурлановна қорғады. Бұл-мектептегі түрлі пәндерді оқытушы тәжірибелі ұстаздар мен жас мамандардың басын біріктіретін ерекше конкурс конкурс. Олардың әрқайсысының әріптестеріне, қазылар алқасына көрсетер, бөлісер түрлі тәжіңрибелері бар. Әр қатысушы өз ісінің шебері, талантты, креативті педагог. Биылғы оқу жылында конкурсқа ауданның 11 мұғалімі қатысты. Конкурс екі күнде: «Менің педагогикалық кредом» өзін-өзі таныстыру, мастер-класс, шығармашылық шеберхана номинациялары бойынша өткізілді. Конкурстық сынақтың ең басты әрі жеңімпазды анықтаушы түрі-мектеп сабақтары. «Мастер–класс» номинациясында әр конкурсант сабақ беруде өз шеберліктетрін көрсетті. Барлық педагогтар сабағының әір кезеңін жан-жақты ойластырып, пәнді оқытуға жеке–тұлға бағытты тұрғыдан келді, оқушылардың басқа мектептен болуына қарамай, олармен тығыз байланыста жұмыс жасап, оқушылармен өз сабақтарының жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін кері байланысты қамтамасыз етті. Алия Нурлановна 20 минут ішінде сабағының әр кезеңін демонстарциялап, жаңартылған білім беру мазмұнымен қойылған талаптардың бәріне сәйкестік танытты. «Менің педагогикалық кредом» атты конукрс түрінде әр ұстаз өзі туралы, өзінің кәсіңби жетістіктері туралы айтты. «Шығармашылық шеберхана» номинациясында әр педагог шеберлік шеберханасындағы әзірлемелерімен таныстырды, кәсіби деңгейдегі жетістіктерін, таланты мен дарынын ортаға салды. Конкурс бағдарламасы аяқталды. Құрамында педагогикалық еңбек ардагерлері, білім бөлімінің әдіскерлері болған құзыретті қазылар алқасының шешімі де шығарылды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің арасындағы «Үздік педагог -2019» аудандық конкурсының нәтижесінде Біздің мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Нурманова Алия Нурлановна БАС ЖҮЛДЕНІ қанжығасына байлады. Лайықты жеңісіңізбен құттықтамймыз, келешекте шығармашылық табыс тілейміз! Осы конкурсқа дайындалу бойынша шығармашылық топқа конкурснатқа қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреміз.
Утеуова А.Б.