Мемлекеттік білім беру жүйесі қоғамның замануи даму кезеңінде көптеген жаңашылдықтарды бастан өткеруде. Десек те, қ білім беру жүйесінде қаншама өзгерістер болып жатса да, оның бәрі нақты орындаушыға- мектеп мұғаліміне келіп тіреледі. Педагог жаңалықтар мен жаңашылдықтарды тәжірибеде іске асырудағы басты фигура болып табылады. жаңа жағдайларда алға тартылған міндеттерді жүзенге асыру үшін олардың бойында қажетті біліктілік деңгейі, құзыреттілік және кәсіби шеберлік болуы тиіс.
Жыл сайын Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлері арасында өткізілетін «Үздік педагог » облыстық конкурсы шығармашылық шеберлік пен педагогикалық кредо көрсеткіші бролып табылады. Биылғы жылғы «Үздік педагог -2019» облыстық конкурсына осындай атты аудандық конкурста Бас жүлдені жеңіп алған № 1ОМ ағылшын тілі мұғалімі Нурманова Алия Нурлановна Атбасар ауданының намысын қорғады. Бұл конкурс түрлі пәндерден сабақ беріп жүрген тәжірибелері әр түрлі, өз әріптестері мен қазылар алқасында бөлісер әдістемелік жинақтары, өзіндік тәжірибе-тәлімі бар мамандардың басын біріктіреді. Әр қатысушы өз ісінің шебері, талантты, креативті педагог.
16-17 мамыр күні Көкшетау қ. № 13«ЭКОС» ОМГ базасында облыстық конкурс өткізілді. Конкурс: «Мое профессиональное кредо», «Творческая лаборатория», эссе «Я современный педагог», «Портфолио» деп аталған 5 кезеңнен құралды. Шараның қорытынды кзеңінде педагогтар «Мастер класс» өткізді. Конкурстың әр кезеңі әр конкурсанттың шеберлігін, даралығын, шығармашылығын көрсетті. Конкурстың басты мақсаты -педагогикалық қызметкерлердің білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалануы; кәсібилікті дамыту және ынталандыру; педагогикалық шығармашылық ; озық жаңашыл инновациялық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату болды.
Конкурс нәтижесін шығару, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау үшін қазылар алқасына біраз уақыт қажет болды. Өйткені конкурстың әр күні аса бай, тартымды, конкурстанттар бірінен бірі өткен жарқын болуына қарай, қатысушыларға ғана емес көрермендер мен қызалар алқасына да оңайға түскен жоқ. Конкурс нәтижесі бойынша Нурманова Алия Нурлановна 4 орын алды. Ол «Эрудит педагог» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен марапатталып , 40000 теңге сыйықы алды. Бұдан өзге, «Үздік педагог -2019» облыстық конкурсына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Атбасар ауданы білім бөлімінің басшылығы, Атбасар қ. № 1 ОМ ұжымы Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподақтарының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Кадыровичке алғыс білдіреді
Атбасар ауданы білім бөлімінің басшылығы, Атбасар қ. № 1 ОМ әкімшілігі, педагогтары және оқушылары Алия Нурлановнаны осы жетістігімен шын жүректен құттықтайды.
Утеуова А.Б.