Текст
2024 жылдың 8 қазан күні №1 жалпы орта білім беретін мектепте «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени- ағартушылық жобасы аясында «Ақындар айтысы» бөлімі бойынша «Айтыс – қасиетті өнер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кайрбекова К.Д. 5 «Б» сынып оқушыларымен танымдық сағат өткізді. Оқушылар белсенді қатысып, айтыстың түрлерімен, бұрынғы және осы күнгі айтыспен танысты. Айтыс өнері – мәдениетіміздің ажырамас бір бөлігі екенін білді.
#ақындарайтысы2024