Текст
Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидалары оқу процесі кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осы мақсатта Атбасар қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектепте «Қауіпсіздік сабағы» өтті. Сабақ қауіпсіздіктің теориялық негіздерінен басталды. Балаларға мектептегі және көшедегі тәртіп ережелері, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері ескертілді. Су қоймаларында жүріс-тұрыс, электр аспаптарымен, газбен жұмыс істеу ережелеріне, жол қозғалысы ережелеріне және жарақат алу қаупіне байланысты сабақтарға ерекше назар аударылды.
Әңгімелесу барысында алынған білім балаларға күнделікті күтетін көптеген қиындықтарды болдырмауға көмектеседі.
Смағұлова Г.Қ.