Текст
6 сыныпта сабақта бекіту кезеңінде топтық жұмыс жүргізді, «Автобус аялдамасы» әдісін қолданды. Мақсаты: шағын топтарда мысалдар шешімін талқылауды үйрену және осы мысалдар шешімінің алгоритмін жасай білу. Шағын топтардағы оқушылар тапсырмаларды 5 минут ішінде шешті, содан кейін команда бойынша сағат тілі бойынша келесі автобус аялдамасына көшеді, басқа топтардың тапсырмаларымен танысады және қажет болған жағдайда оларды 3 минут ішінде толықтырады. Содан кейін топ жұмыс нәтижелерін таныстырады.