Текст
2024 жылғы 12 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Исмаганбетова Т.А. 10 «Б» сыныпта «Жасыл белдеу бағдарламасы және экология» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтау, алынған ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу. Мәтіннің негізінде оқушылыр топтық және жеке жұмыстар орындады. Мұғалім сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында « Серпеуіл сауал», «Жүйрік топ», «Ойлы болсан, озып көр» әдістерімен бірге флипчаттарды қолданды. Сабаққа оқушылар өте белсенді қатысты.