Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу туралы оқушылармен әңгімелесу — осы тестілеуге дайындықтың маңызды элементі. Әңгіменің мақсаты-ҰБТ ерекшеліктерін түсіндіріп қана қоймай, стресс деңгейін төмендету, оқушыларға дұрыс дайындалуға және сынақтан сенімді өтуге көмектесу. Ағымдағы оқу жылының 25 қарашасында ҚР ҰҚМ "Ұлттық тестілеу орталығы" басшысы (Атбасар қ.филиалы) Мейрамова Гүлнар Бекмурзиқызы 11 сынып оқушыларымен "Бірыңғай Ұлттық тестілеу - 2025" тақырыбында кездесу өткізіп, тестілеуді өткізу ережелері мен нұсқаулықтарымен Мұқият таныстырды. Гүлнар Бекмурзиқызы атап өткендей, ҰБТ жоғары оқу орындарына түсудің негізгі критерийі болып табылады. ҰБТ өту барысында сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, әр бөлімге уақытты дұрыс бөлу маңызды. Кездесу соңында педагог-психолог Дәуренбекова Гүлден Ермолқызы "ҰБТ-ға психологиялық дайындық"тақырыбында сөз сөйледі. Жасыратыны жоқ, тестілеуге психологиялық дайындық жоғары нәтижелерге қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Гүлден Ермолқызы эмоцияларды басқарудағы негізгі ұсыныстарымен бөлісті.