Текст
21 ақпанда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ Атбасар ауданы мектептерінің педагог-психологтарының семинары өтті. Психологтар арасында тәжірибе алмасу семинарының мақсаты: өзекті мәселелерді талқылау, озық әдістемелермен алмасу және практикалық дағдыларды жетілдіру үшін кәсіби кеңістік құру. Мектептің педагог-психологы Г.Е. Дауренбекова кәсіби тәжірибесі үшін сертификатпен марапатталды.