Текст
13.01.2026
№ 1 жалпы білім беретін мектепте тарих онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес, 13 қаңтарда 5-6 сынып оқушылары арасында Қазақстан тарихы бойынша кроссвордтар байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың пән бойынша білімдерін бекіту, танымдық қызығушылықтарын дамыту және тарихи ұғымдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болды. Қатысушылар жоғары белсенділік танытты, тапсырмаларды орындауға жақсы білім мен шығармашылықпен қарады.
