Текст
04.02.2026
2025 жылғы 4 ақпанда Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2–4 сыныптарында оқитын 12 оқушысы «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. Аталған олимпиада математикалық қабілеті жоғары оқушыларды анықтауға және қолдауға, бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын және танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Бұл зияткерлік сайысқа қатысу оқушылар үшін маңызды тәжірибе болып, математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, алдағы жетістіктерге ұмтылуына ықпал етті.
