«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Үздік тарих пәні мұғалімі – 2026»

06.02.2026

2026 жылғы 6 ақпанда дарынды педагогтерді анықтауға, мұғалім мамандығының беделін арттыруға және озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталған «Үздік тарих пәні мұғалімі – 2026» кәсіби байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауға Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Кусаинов Мейрам Жанабаевич қатысып, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Өзін-өзі таныстыру кезеңінде педагог өзінің кәсіби қызметінің нәтижелерін ұсынып, педагогикалық тәжірибесімен, әдістемелік жаңалықтарымен және оқушылардың тарихи ойлау қабілетін қалыптастырудағы тиімді тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар заманауи білім беру технологиялары мен тәрбиелік жұмысқа ерекше назар аударылды. Ашық сабақ өткізу кезеңінде Мейрам Жанабаевич оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, оқушылармен ынтымақтастықта жұмыс істеу, оқытудың белсенді әдістерін қолдану және тарих пәніне деген танымдық қызығушылықты арттыру бойынша өз шеберлігін көрсетті. Байқауға қатысу педагогтың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадам болып, оның үздіксіз ізденіс пен шығармашылыққа ұмтылысын айқындады. Кусаинов Мейрам Жанабаевичті қол жеткізген нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст