10.02.2026
10 ақпанда Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған еске алу іс-шарасы өтті. Бұл дата еліміздің тарихында ерекше орын алады — ол Отаннан тыс жерде қызметтік борышын адал атқарған жауынгерлердің ерлігі, төзімділігі мен парызға беріктігін еске салады.
Іс-шара аясында мектепте 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысы оқиғаларына арналған оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде суреттер, тақырыптық плакаттар, әскери техника макеттері, түрлі материалдардан жасалған композициялар ұсынылды. Естелік нышандары қолданылған жұмыстар ерекше назар аудартты. Оқушылар ата-аналар мен педагогтердің қолдауымен өз туындыларында жауынгерлік борышын өтеген сарбаздардың ерлігіне деген құрметтерін жеткізуге тырысты. Бұл іс-шара қонақтары мен мектеп оқушыларына ұсынылған экспозициялардың мәнін тереңірек түсінуге және бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте ұғынуға мүмкіндік берді.
Көрме тек шығармашылық жоба ғана емес,сонымен қатар тарихи жадты сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал ететін патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі болды.
Акт залында құрметті қонақтар жиналды:Жаманбаев Сайдыл Смағұлұлы,Садуов Қанат Кенжебекұлы, Хампиев Вахит Хазырұлы, Турмағамбетова Әсемгүл Ертайқызы,І.Есенберлин музейінің ғылыми қызметкері,№1 мектептің ата-аналар қауымдастығының өкілі, жоғары сынып оқушылары мен педагогтер.
Іс-шара«Ерлік сабағы»форматында өтті.Жүргізушілер 1979–1989 жылдар аралығында болған Ауған соғысының тарихы, оның басталу себептері және әскери қызметшілердің кездескен қиындықтары туралы баяндады. Ауыр жауынгерлік жағдайда ерлік пен жанқиярлық танытқан қарапайым сарбаздардың батырлығына ерекше назар аударылды.
Кездесудің әсерлі сәттерінің бірі — Атбасар ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы, жауынгерлік іс-қимылдардың ардагері Жаманбаев Сайдыл Смағұлұлының сөзі болды. Ол әскери қызметі, жауынгерлік бауырластық пен жолдастық қолдау туралы естеліктерімен бөлісіп, бейбіт өмір мен адам өмірінің қадірін бағалаудың маңызын атап өтті. Оның сөздері оқушылардың жүрегінен ерекше орын алды.
Жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлерімен кездесу барлық қатысушылар үшін маңызды әрі тағылымды шараға айналды. Ашық әрі шынайы диалог барысында оқушылар тарихи оқиғаларды тереңірек түсініп, әскери қызметтің қиындығы туралы мағлұмат алып, куәгерлердің жеке естеліктерін тыңдады. Садуов Қанат Кенжебекұлы мен Хампиев Вахит Хазырұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз естеліктерімен бөлісті. Оқушылар ерліктің тек ұрыс даласында ғана емес, ар-намысты сақтауда, жолдастыққа адал болуда және өз ісіне жауапкершілікпен қарауда да көрінетінін түсінді. Диалог ел тарихына және әскери борышын өтеген жандарға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шара барысында жауынгер-интернационалистерге арналған өлеңдер мен әндер орындалды. Көрермендер назарына сол жылдардағы оқиғалар туралы баяндайтын архивтік фотосуреттер мен бейнематериалдардан тұратын презентация ұсынылды. Әсіресе гитараның сүйемелдеуімен орындалған ән ерекше әсер қалдырды. Залда баяу естілген қоңыр әуен барша қатысушыларды сол бір алыс жылдарға жетелегендей болды. Осы қарапайым әрі шынайы әуенде қаза болғандарды жоқтау мұңы да, жауынгерлік бауырластықтың күші де, бейбіт болашаққа деген үміт те сезілді.
Мектеп оқушылары дайындаған хореографиялық қойылымдар да ерекше орын алды.Терең мағына мен шынайы сезімге толы би нөмірі қаза болған батырларды еске алудың және елге аман оралған жандарға алғыс білдірудің символына айналды. Қатысушылар қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кездесу соңында мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна ардагерлерге көрсеткен ерлігі,төзімділігі және парызға адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.Салтанатты жағдайда оларға құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде естелік сыйлықтар табысталды.
Жауынгер-интернационалистерге деген құрмет - бұл жай ғана тарих беттері емес, бұл ерлігі мен парызға адалдығы жас ұрпаққа мәңгі өнеге болатын тағдырлар.Біз олардың есімдерін ұмытпай, жүрегімізде алғыс сезімін сақтаған сайын, олардың ерлігі де ұмытылмайды.
Мұндай кездесулер өмірдің, бейбітшіліктің және адамгершіліктің қадірін еске салады.Дәл осы тарихи жады ұрпақтарды біріктіріп,бізді бірлікке әрі мықтылыққа жетелейді.
Іс-шара соңында естелікке ортақ суретке түсірілді.Бұл кездесу қатысушылардың жүрегінде жылы әсер қалдырып,тарихи жадты сақтау мен Отан қорғаушылардың ерлігіне құрмет көрсету жолындағы тағы бір маңызды қадамға айналды.
Аталған іс-шараны №1 жалпы орта білім беретін мектептің 46 және 8-сынып оқушылары дайындады.


