13.02.2026
13 ақпанда Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9–11 сынып бітіруші түлектері үшін Қостанай қаласындағы ЧелГУ Қостанай филиалы (Челябинский государственный университет) өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Кездесу барысында болашақ түлектерге даярлау бағыттары, оқуға түсу шарттары, студенттік өмір және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, сұранысқа ие мамандықтар мен жоғары оқу орнында білім алудың болашағы жөнінде мәлімет алды.
Кәсіби бағдар беру кездесуі мектеп оқушыларының білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың алдағы білім беру бағытын саналы түрде таңдауына ықпал етті.
Алдабергенова Н.Ф., директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
