12.03.2026
«Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектепалды даярлық сыныбында Наурыз мейрамы мерекесіне арналған ертеңгілікті ұйымдастыру бойынша түсіндіру әңгімесі өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Әңгіменің мақсаты:
ертеңгілікті өткізу ерекшеліктерін түсіндіру, мерекелік іс-шараға ұйымдасқан түрде дайындықты қамтамасыз ету; қойылымдар мен ойындарды ұйымдастыру; музыкалық репертуарды іріктеу талаптарын түсіндіру.
Наурыз мейрамы — Қазақстан халқының ең маңызды әрі көне мерекелерінің бірі. Бұл мереке табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін, адамдар арасындағы достықты, бейбітшілік пен татулықты білдіреді.
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Смадьярова Ш.З. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараны өткізуді жоспарлады. Мерекенің мақсаты:
• балаларды Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне баулу;
• салт-дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
• ән, тақпақ және көріністер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ата-аналарға түсіндірілді:
• балалардың тақпақтар мен әндерді дайындауының қажеттілігі;
• балалардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар (мерекелік киім, мүмкіндігінше ұлттық киім элементтері);
• іс-шара барысында балалардың тәртіп сақтау ережелері.
Ата-аналарға ұсынылды:
• балалардың мерекеге қатысуын қолдау;
• мүмкіндігінше ұлттық киім элементтерін дайындау.
Күтілетін нәтиже:
Ертеңгілікті өткізу балалар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырады, педагог, балалар және ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтады.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары:
Блудшая Татьяна Ивановна.
