16.03.2026
"Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ — де Наурыз мерекесіне арналған "Отбасы-бақыт бесігі"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Альбрехт Т. Р. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру, өзара түсіністік, үлкендерге деген сүйіспеншілік пен құрмет дәстүрлерін нығайту, сондай-ақ Наурыз мерекесіне байланысты қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерімен танысу. Сынып сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының рөлі туралы білді. Балалар өз отбасылары туралы айтып, отбасылық дәстүрлерімен бөлісті, өлең оқып, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Оқушылар отбасы — сүйіспеншілік, қолдау және бақыт көзі, ал отбасылық құндылықтарды сақтау-халық мәдениетінің маңызды бөлігі деген қорытындыға келді.
