Текст
06.04.2026
"№1 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 10-сыныптарда "Мен таңданған жол"денсаулық тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын және өмір жолын саналы түрде таңдауын қалыптастыру болды. Сынып сағаттары барысында білім алушылар салауатты өмір салтының маңыздылығын, жаман әдеттердің ағзаға әсерін талқылады, сондай-ақ болашақ пен жеке мақсаттарға өз көзқарастарымен бөлісті.
Іс-шара жоғары сынып оқушыларының дұрыс шешім қабылдау және салауатты өмір салтына ұмтылу дағдыларын дамытуға ықпал ете отырып, белсенді және мүдделі атмосферада өтті.
