Текст
13.04.2026
10 сәуір күні №1 ОШ-да ағылшын тілі онкүндігі аясында 6-сынып оқушыларына арналған қызықты сыныптан тыс іс-шара өтті
📚 Іс-шараның тақырыбы — “English Quiz Time”
Мақсаты — оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту және білімдерін ойын түрінде бекіту.
👥 Қатысушылар командаларға бөлініп, әртүрлі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады:
— лексика және грамматика бойынша сұрақтарға жауап берді
— ағылшын тілінде жұмбақтар шешті
— сөздер мен тіркестерді тапты
— жылдамдық пен логикаға арналған сайыстарға қатысты
🎉 Іс-шара достық әрі белсенді атмосферада өтті. Оқушылар тапқырлықтарын, командалық рухтарын және ағылшын тілінен жақсы білімдерін көрсетті.