13.04.2026
Аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы туралы ақпаратты тарату айлығын өткізу шеңберінде 2026 жылғы 9 сәуірде "Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинетінің логопед-мұғалімі А.Г. Басманова "Аутизм: көмектесу үшін түсіну"тақырыбы бойынша педагогтар үшін диалог алаңын ұйымдастырды және өткізді. Іс-шара барысында аутизм спектрі бұзылған балалармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мұғалімдер аутизмі бар балалардың ерекшеліктері және сабақта жұмыс істеудің практикалық әдістері туралы кеңес алды. Сондай-ақ, мұғалімдер өздерінің практикалық жұмыс тәжірибелерімен бөлісті және практикалық қызмет барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Барлық сұрақтарға педагогтар толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің практикалық жұмысы үшін,сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту үшін маңызды
