15.04.2026
Ағымдағы оқу жылының 15 сәуірінде "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ – де жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 8-11 сыныптардағы жасөспірім қыздар арасында ақпараттық – түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: жасөспірімдерде ерте жүктілік мәселесі, олардың мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілік және алдын алу шаралары туралы қажетті білімді қалыптастыру. Кездесу СППС мамандарының, мектептің медицина қызметкері Н.А. Дьяченконың, Атбасар ауданаралық ауруханасының психологы Г.С. Жақсалықованың қатысуымен өтті. спикерлер репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар, ерте жүктіліктің салдары туралы айтып берді, сондай-ақ оқушылармен Қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстармен бөлісті. Іс-шара соңында спикерлер оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Педагог-психолог Дәуренбекова г. Е.
