23.04.2026
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Мектеп ауласы мен белгіленген аумақ қоқыстан тазартылып, жолдар ретке келтірілді, ағаштар мен мектеп қоймасы әктелді. Шараға мектеп ұжымы қатысып, қоршаған ортаның тазалығына деген ұмтылыстарын көрсетті.
