Текст
23.04.2026
2026 жылғы 23 сәуірде Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 5–7 сынып оқушылары «Тарих ата» атты тарих пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысты. Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың Қазақстан және әлем тарихына деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ өз бетінше ойлау, талдау жасау және тарихи фактілермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
