Текст
03.06.2026
2026 жылғы 3 маусымда Атбасар қаласының №1 мектебінде таңдау пәні бойынша 9-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау өтті. Түлектер География және Қазақстан тарихы бойынша емтихан тапсырды.
Қорытынды аттестаттауға 64 оқушы қатысты. Емтихан белгіленген талаптарға және бекітілген кестеге сәйкес өтті. Түлектерге табысты нәтижелер мен одан әрі жетістіктер тілейміз! Позднякова Т. В., директордың УР жөніндегі орынбасары
