19.06.2026
Атбасар қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі КММ-де 2026 жылғы түлектерге жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Биылғы жылы алтын ұя мектебінің қабырғасынан 11 «А» сынып (сынып жетекшісі — Е.А. Герасимова) және 11 «Б» сынып (сынып жетекшісі — Т.А. Исмагамбетова) түлектері ұшып шықты.
Мектеп директоры Л.Г. Бекова түлектерге арнап құттықтау сөз сөйлеп, балаларды оқуды сәтті аяқтауымен және мемлекеттік емтихандарды табысты тапсыруымен құттықтады. Ол түлектерге алға қойған мақсаттарына сенімді түрде қадам басып, өз мектептерінің атын лайықты деңгейде танытуды және жаңа жетістіктерге жете беруді тіледі. Сондай-ақ, директор сынып жетекшілеріне, түлектер мен ата-аналарға бітіру кештерін өткізуге тыйым салынғанын және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін еске салды.
Салтанатты шараға құрметті қонақтар: Атбасар қаласы әкімінің орынбасары А.А. Керейбаев және білім бөлімінің әдіскері О.Н. Здоровец қатысты. Олар түлектерді өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, жоғары оқу орындарына сәтті түсулерін, жаңа жетістіктер мен өз күштеріне деген сенімділік тіледі.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.В. Позднякова жалпы орта білім туралы аттестаттарды беру туралы бұйрықты оқыды.
Рәсімнің ерекше сәті — жоғары білім деңгейін дәлелдеген түлектерге аттестаттар мен «Алтын белгі» төсбелгісін табыстау болды:
Лебедев Никитаға, 11 «А» сынып оқушысына;
Турашева Марйамға, 11 «А» сынып оқушысына;
Щербак Сергейге, 11 «А» сынып оқушысына.
Жалпы орта білім туралы үздік аттестатты иеленгендер:
Тоқаев Назар, 11 «А» сынып оқушысы;
Комбатурова Саида, 11 «Б» сынып оқушысы.
Аттестат табыстау рәсімі шынайы сезімдерге, ұстаздар мен ата-аналарға деген алғыс сөздерге және түлектерге арналған игі тілектерге толы, жарқын әрі толқынысты оқиғаға айналды. Мектепте алған білімдері жаңа жетістіктердің берік іргетасы болсын, ал алда әрбір түлекті үлкен табыстар, армандардың орындалуы мен бақытты болашақ күтсін!







