24 қаңтар күні №1пән апталығы шеңберінде 5 «Б» сыныпта тарихтан ашық сабақ өтті. «Царская царица Томирис» тақырыбындағы сабақты тарих мұғалімі Ж.М. өткізді. Сабақ барысында Жанар Мынжасаровна оқушылардың өздігінен ақпарат жинау біліктерін қалыптастырды, алған ақпаратты сараптауға және қорытындылай білуге үйретті.
Мұғалім әдістемелерін ұтымды іріктеп, дұрыс пайдалана білді. Бұл балаларға тарихи құбылыстардың түп-нұсқасын түсінуіне, тарихи оқиғалар арасындағы себеп-салдарды анықтауға және де жаңа материалдың негізгі түсініктерін жеке бөлі алып оқушы санасына жеткізуге себін тигізді.
Сабақ бойы оқушылар тарихи оқиғаларға сараптама жасап, қорытынды шығарып, жалпылады және тарихи оқиғалардың адамгершілік тұстарына өздерінің бағаларын берді. Білім алушылар жоғары белсенділік таныттты, бұл болса, алға қойылған міндеттердің орындалғанын білдіреді.