«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәлімгер КZ: Бақытты балалық шақ әлемі» аудандық тәлімгерлер форумы

01.02.2019

30 қаңтар күні № 1 орта мектебінің салтанатты түрде безендірілген мәжіліс залында. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен" Рухани жаңғыру "тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы жастар жылы "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласы аясында,  "Болашақ мамандар үшін!" ұранымен "Тәлімгер КZ: бақытты балалық шақ әлемі" атты аудандық тәлімгерлер форумы өтті. Форумға Атбасар ауданының білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлері қатысты.

Форумның модераторы Қазақстанның балалар қозғалысын дамыту, үйлестіру кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының "Рухани жаңғыру" кеңсесінің төрайымы, "Жұлдыз" балалар ұйымдары одағының президенті, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің педагогика профессоры Дмитриенко Елена Александровна болды.

Форум аясында балалар қоғамдық қозғалысын дамытуға және балалар әлеуметтік бастамаларын қолдауға қосқан үлесі үшін белсенділерді марапаттау рәсімі өтті. "Жұлдыз" - "Алтын Жұлдыз "Балалар үшін" балалар қоғамдық ұйымдары Одағы қоғамдық бірлестігінің төс белгісімен, балалар жасөспірімдер орталығының директоры Әсел Уткербаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нағима Балтабаева марапатталды.  "Рухани жаңғыру" төсбелгісімен Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Гульжан Куракбаева, тәлімгерлер: Кристина Нургалиева, Досжан Каменов, Мария Балабекова, "көшбасшы" төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық "Әлем"балалар және жастар ұйымының көшбасшыларына алғыс хаттар табыс етілді. Мұндай форум Атбасар ауданында алғаш рет өтуде. Іс-шара барысында қазіргі білім беру жағдайында тәлімгерлердің кәсіби сапасын арттыру және тәлімгердің мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды, өйткені олар балалардың тұлғалық дамуында, олардың бойында адамгершілік құндылықтарды, белсенді азаматтық позицияны және өзіне және қоғамға жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруда басты орын алады. Тәлімгерлерді дайындау білім беру және даму саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесін арттырады. Тәлімгерліктің  мықты қалыптасуы барысында  эмоционалды-мағыналық қызмет жеткілікті болу үшін, бүгінгі күні сапалы психологиялық-педагогикалық дайындық қажет.

Просмотров: 682


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст