«Өзін-өзі тану» апталығының аясында «Атбасар ауданының білім бөлімінің Атбасар қаласының №1 орта мектебі» КММ-нің дәлізінде кітапханашы Қоңырбаева Д.А. рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, «Бөбек» балалар қорының ұйымдастырушысы және жетекшісі Назарбаева С.А-ға арналған «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды..
Көрменің мақсаты - әрбір адамның шығармашылығы мен дамуында үлкен рөл атқаратын және балаға махаббат, мейірімділік, ана қамқорлығы сияқты сезімдерді тәрбиелейтін кітаптар мен әдебиеттерді насихаттау. Көрмеге Назарбаева С.А-ның «Өзіңе жол» атты кітабы, Қазақстанның жастар одағының «Өмір үшін», «НҰРСӘУЛЕ-ЛУЧИК» балалар әдебиеті баспасының кітаптары, сондай-ақ аналар мен аналарға қамқорлық туралы журналдар қойылды. Кітап көрмесі жас ұрпақтың мейірімділігі мен толеранттылығын, қоғамда өмір сүру қабілетін және қолдау мен өзара түсінушілікті сезінуге жол ашу болып табылады.