Текст
Мектебімізде ақпан айының 8-і күні аудандық педагогикалық жұмыс қорытындысы бойынша тәжірибе алмасуға қатысқан мұғалімдер өз әріптестерімен тәжірибе алмасты. Мұғалімдерді өздерінің білім көтеру тақырыптары бойынша таныстырды. Әріптестер сыни тұрғыдан оқыту, құзырлы мұғалім құндылығы, оқушыны ынталандырудың әдіс – тәсілдері, ойын арқылы оқыту, тіл сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының ерекшеліктері туралы көптеген ақпараттар берді. Мұндай педагогикалық тәжірибе алмасулар көптеп ұйымдастырылса мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық пен қарым – қатынасы нығая түсетіні сөзсіз.
Қазақ тілі мұғалімі: Самиғат А