3–ші сыныптардың оқушылары жақсы және жаман кейіпкерлер тұратын керемет кітап әлеміне саяхатқа шықты. Бұл балалардың бойында мейірімділікті қалыптастыруды, қайырымды істер туралы айту, қайырымдылықтың әр адамның өмірінде алатын рөлін көрсетуді басты мақсат еткен шара болды. «Путаница» ойынында балалар өлең жолдарына жасырынған сөздерді тапты. Қатысушылар ойынға қызығып, тамашалап отырғанда оларға тапсырма берген хат та келіп жетті. Балалар мейірімділік туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсірді, сыпайы сөздер айтып ойнады, бір-біріне игі сөздер айтты. Үшінші сынып оқушыларын «Злой и Добрый» ойыны аса қызықтырды. Шара барысында балалар жұмбақтар шешті, өлеңдер оқыды, мерекеден шынайы ләззат алды. Саяхат соңында «Книжки мы не будем обижать» мультфильмі қаралды.