"Дархандық — адамның алақанымен өлшейтін зат емес, ол біздің жүрегімізді кернейтін керемет сезім-дейді халық даналығы.
«Өзін-өзі тану» пәнінен 3 "Б" сыныпта мұғалім Альбрехт Т.Р. өткізген ашық сабақ Дархандық–кеңпейілділік нышаны деп аталып, әр адамның туғаннан бастап бойында болатын тамаша сезімді жан-жақты танытуды көздеді. Мұғалімнің міндеті балалардың іс әрекеттерін айналасындағылардың игілігіне қарай дұрыс жұмсауға үйрету болды. Сабақта балалар «дархандық» және «игілікті іс» түсініктерімен танысып, оның мәнін түсінуге тырысты, оқығандары бойынша түрлі қорытынды тұжырымдар жасады: «Собери пословицу», «Ромашка доброты», «Подарок Другу», «Совместное пение» тәрізді түрлі тапсырмаларды орындады.
Сабақ соңында олар бір-біріне игі тілектерін айтып, жылы лебіздерімен бөлісті, келесі оқу аптасына жақсылық тіледі.