8-11 сыныптар арасында 12 ақпан күні № 7 қазақ орта мектебінде "Тіл дарын-2019" байқауы өтті.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру;оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Бүгінгі байқауда сайыс жеңімпазы «Тіл-дарын 2019» атағына лайық болған 9 сынып оқушысы Габдулхакова Альбина 1-орын, 3-орынға 11 және 10 сынып оқушылары ие болды,олар Анохина Екатерина мен Сексенбаева Томирис.Сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер, өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.