1989 жылдың 15 ақпаны күні Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен шығарылды. Бұл күні 16 сағат минутта кеңес әскерінің соңғы сарбазы Амударьядағы Достық көпірі арқылы өтіп, ауған жерін артта қалдырды. Сөйтіп, 10 жылға созылған соғыс аяқталды. Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығару күні интернационалист-жауынгерлер үшін соғыс кезінде жат жерінде жанын пида еткен барлық сарбаздарды, достарын еске алатын қазалы күн екені де түсінікті... Енді бұл күн отты жерде әрекет жасаған ардагерлер күні деп аталады. Осы естелік датаға, ауған жерінен әскерлерді шығару күніне орай № 1 ОМ кітапханасында «Афганистан - ты боль моей души…» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме өткен отты жылдардан естеліектер, деректерді, фотоқұжаттарды, очерктер мен көркем әдебиеттерді топтастырды. Кітаптар, газет мақалары ауған соғысы интернационалист-жауынгерлері ерлігінің тірі куәгері тәрізді сол жылдардағы сан ерлікті жырлап, суреттеп, айтып береді. Көрме Президентіміздің бейбітшіл саясатын, Қазақстандағы қауіпсіздік пен бейбітшішікті насихаттауға бағытталды.