«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауғанстан – жазылмайтын жарақат

13.02.2019

Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерін шығару күніне арналған  шаралар шеңберінде  7 сыныптардың оқушыларымен  «Афганистан – не заживающая рана» атты сыныптан тыс шара өткізілді.  Бұл шараға ауған әскері Исенов Марат Касенович қатысты. Ол кісіге сонау ауған соғысының оқиғаларын еске алу қиынға  соқты. Өз сөзінде ол кісі  өз өмірінде дәл осы соғыстағы қатыгездікті, қатты сынақты көрмегенін атап өтті... Соғыс жүрекке сызат түсірді,  денемізде жарақаттың орны қалды, достарымыздан айырылдық, әлі күнге дейін соғыстың сұм салдарынан  түн ұйқымыз  төрт бөлінеді... Интрнационалист жауынгерлердің аналары атынан  мектеп директоры Чуркина Т.А. сөз алып, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевқа  алғыс сезімін білдірді. АӘД мұғалімі  Н. В. Бывшев  өз сөзінде келешек отан қорғаушылар өздерін ерлікке, батылдыққа тәрбиелеп, өз елінің-жерінің шынайы патриоттары  атану керек деп атап өтті. Жиналғандардың назарына Ауған соғысы туралы бейне фильм ұсынылды. Оқушылар  ауған соғысына қатысқан  сарбаздар шығарған өлеңдерді оқыды. 9 «А» сынып оқушысы Дектярева Л.  «Молитва» әнін орындады.   Бұл соғыс көптеген жас жігіттердің  өмірін жалмады, оның ішінде біздің жерлестеріміз: Муха Сергей, Марченко Александр, Таженов Кайрат, Осадчий  Петр, Зарипов Радик бар.   Осынау соғыстағы интернационалис –жауынгерлердің даңқты ерлігі «На той войне, незнаменитой…»,  авторы-тарих мұғалімі, ҚР журналистер Одағының мүшесі  А.Ахетова. Ауған соғысының сарбаздары  нағыз  батырлар деген ерлік пен мақтанышқа толы  атаққа лайықты. Олардың даңқы артсын, Сіздерге құрметпен бас иеміз! Бұл өлгенге емес, бұл тіріге керек дегенді жүректен өткізіп, лайықты еске алайық!

Просмотров: 601


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст