18 ақпан күні химия және биология пәндері онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. 5-11 сынып оқушыларының назарына осы пәндердің бала өміріндегі маңызы туралы бейне фильм көрсетілді. Салауатты өмір, табиғат және химиялық үдерістер туралы әндер шырқалды. 9 «Б» сынып оқушылары -Терзиди В., Шаимова С.– «Химия», «Биология» ғылымдарының патшайымы рөлін ойнады. Олар балаларды онкүндік барысында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна жиналғандарды апталықтың ашылуымен құттықтады. Содан кейін «ғылым патшайымдары» оқушылармен ойға арналған гимнастика өткізді, олар жұмбақтар шешіп, тақырыптық тапсырмаларды орындады. Шара соңында оқушыларға барлық конкурстар мен викториналарға белсенді қатысу туралы ұсыныс жасалды.