28.02.2019
26 ақпан күні №1 орта мектепте 1-2 сынып оқушылары арасында мектебіміздің игі дәстүріне айналған зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалардың мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл- дарынды балалармен жұмыстардың бір бағыты болып табылады. Конкурс мақсаты - кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік қызмет жасау дағдыларын дамыту және зияткерлік- шығармашылық әлеуеттерін ынталандыру.
Конкурсқа 11 оқушы қатысты. Балалар сан алуан сала бойынша өздерінің аса өзекті, қызықты, әрі танымдық жұмыстарын ұсынды. Қызғушылық, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап атбу жолындағы тынымсыз қызмет пен табиғи бейімділік балалардың басын біріктірді. Екі сағатқа созылған шара кезінде балалар зерттеулері туралы әңгімелеп, тәжірибелер нәтижесін көрсетіп, өз зерттеулері негізделген құжаттарды ұсынды. Әр тақырыптың өзіндік дәлелдер базасы болғандықтан, зерттеу нәтижесіне күмән келтіруге себеп болған жоқ. Оқушылардың жұмыстарын құрамында: Позднякова Т.В. бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі, Батченко О.Н. бастауыш сынып мұғалімі, Писклова С.Н. бастауыш сынып мұғалімі болған қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде, қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлерін ескере отырып жүлделі орындарды келесі ретпен бөлді:
I орын: Мотузков Павел 2 «А» сынып оқушысы, Шайхисламов Марк 2 «А» сынып оқушысы, Комбарова Виктория 1 «А» сынып оқушысы, Утков Иван 2 «Б» сынып оқушысы.
II орын: Власова Арина ученица 2 «Б» класса, Кубарь Эвелина ученица 2 «А» класса, Саурыков Ильяс ученик 2 «В» класса, Султанхамит Жансая 1 «Б» сынып оқушысы.
III орын: Мухутдинова Алина 2 «А» сынып оқушысы, Гильманова Елизавета 2 «В» сынып оқушысы, Чернова Диана 2 «А» сынып оқушысы.
1 «В» сынып оқушысы Султанхамит Жансая шешендік шеберлігі үшін грамотамен марапатталды.
Келешкте келелі жетістіктер тілейміз!
Позднякова Татьяна Викторовна, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі.