«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Наурыз! (Сыныптан тыс шара)

19.03.2019

Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»

Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың салт - дәстүрін, тойларын, әдет - ғұрыптарын таныстыру;
Тәрбие сағаты арқылы балаларды ата - бабамыздан қалған салт - дәстүрімізді біліп үйренуге тәрбиелеу;
Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, дастархан.

Мұғалім сөзі: Наурыздың 22-сі – барша мұсылман халқының жаңа жылы. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыз мейрамы ерте заманнан тойланып келе жатыр. Адамдар бұл күнге ерекше дайындалған., айналаны тазартып, бар ыдыс - аяқтарды сүт, айран немесе бұлақ суына толтырған. – баршылық пен молшылықтың белгісі.
Адамдар екі қолмен қол алысып, бір - біріне жақсы тілектер білдіреді.
« Наурыз құтты болсын!», « Ақ мол болсын!» деген тілектер айтылады.
Наурыз күні киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр бойынша ағаш отырғызылады. Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжені тойғанша іші керек, сонда тоқшылық болады деп ырымдайды.
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар» деген екен атам қазақ. Ендеше, мерекемізді бастамас бұрын үлкен кісілерден наурыз бата алайық.

Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Құрметті ата – аналар, оқушылар бүгінгі біздің мерекелік іс шарамыз екі бөлімнен тұрады.
1. Мерекелік концерт.
2. «Шаңырақ» сайысы. Бұл сайысқа әдемі қыздарымыз аналарымен қатыспақ.
Ендеше, мерекелік концертімізді « Наурыз келді, алақай!» әнімен бастайық.

Нұржан: Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасын өрістен.
Б. Саят: Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын
Гүлзар: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Ануар: Уа, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
А. Саят: Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
Асет: Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Жанайдар: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз.
Ақниет: Жаса Наурыз, жаса көктем,
Жаса достық, күн, тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар өткен Мейірімділік күлсін шығып!
Аққу: Наурызда жаңа жыл басталады.
Жаңа жыл жақсылыққа бастар әні.
Жер ана да бусанып қозғалуда,
Ақ көрпесін сыпырып тастағалы.
Жұлдыз: Ән мен күйді шалқытып,
Інжу - маржан шашайық!
Жиналған халық таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық.
Малика: Ұлыс күні қар еріп
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп.
Дүние біткен күлімдер.
Хор: « Наурыз тойы»
Миранда: Ашық болсын қас - қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Бекбол: Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Наурыз көжеде бәрі бар
Алияр: Салт - дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.

Құмар: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Нұрәділ: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Наурыз келді салтымыз.
Қуанышта ел енді.
Жайнагуль: Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – жыр - аңыз.
Наурыз тойы – береке.
Аида: Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі.
Данияр: Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.

Әділ: Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп наурызда
Қуанатын балаша
Ерсұлтан: Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Көрініс: « Алдаркөсе мен бай баласы»
Қазақ биі « Шашбаулым»
Сайысымыздың шарты:
1. Таныстыру
2 Ою ойып, түйме қадау
3. Қазақтың салт – дәстүрінен көрініс көрсету
4. Шеберқол өнері

Аналар мен қыздарын таныстыру:

Ана – біздің күніміз,
Қыздар – біздің гүліміз.
Таныстырар өздерін,
Тамашалап көріңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға шақырамыз
Ойын: « Ханталапай»
Шарты: Дорбадағы асықтың нөмірі бойынша сұрақтарға жауап беру;
1 - жүргізуші
а) Ою ойғанның ойы ұшқыр.
б) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер - демекші, ортаға аналарымызды ою оюға, қыздарымызды түйме қадауға шақырамыз.
Би «Қара жорға»
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның
Алып келген осы күн.
Сайыскерлеріміз қазақтың салт - дәстүрінен көрініс көрсетеді.
Ойын: « Қыз қуу» Шарты: Жігіт қызды қуып жетсе, бетінен сүйеді, жете алмаса, қыз оны қамшымен ұрады.
1 - жүргізуші
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата – баба жолынан.
Шеберқолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан – дей келе сайыскерлеріміздің үйден өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалайық.

2 – жүргізуші
Әділқазы әділ төрелігін айтқанша, аналарымыздың « Дастарқан» әнін қабыл алыңыздар.
Ойын: « Арқан тартыс»
Тәрбие жұмысының орынбасары: А. Т. Ержігітоваға сөз береміз.
Әділқазыларға сөз береміз.
Берілетін номинациялар:
1. Үлгілі Ана Көркем қыз. /Аружан/
2. Мейірімді Ана Сұлу қыз. / Мальвина/
3. Өнерлі Ана Ақылды қыз / Аида/
4. Шебер Ана Сүйкімді қыз / София/
5. Парасатты Ана Өнерлі қыз / Настя/
Осымен мерекеге арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз.

Просмотров: 1731

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст