16.09.2019
Әр ата-ана өз баласының белсенді, дамыған, әрі зерек болғанын қалайды. Біз баламыздың алғашқы жетістіктеріне, жеңістеріне қуанамыз, жағдайымыздың дұрыс екендігін көреміз.
Егер мектептегі қандай да бір пәндерді игеруде қиындыққа кездесіп, балаңызбен проблемалар туындаса, оқуға деген мотивациясы төмендесе сонымен бірге мінез-құлқы да өзгеріп кетсе, онда балаңыз мектепке бейімделе алмай жүргенін біліңіз. Балаңызға барынша дамыған, білікті көмек көрсету, дұрыс білімдік бағыт таңдау үшін қалайша көмектесуге боладыда қалайша көмектесуге болады?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін балаңыздың даму деңгейін объективті анықтап алуыңыз керек. Біз 13 қыркүйек күні мектепке ауданның психология-медицина-педагогикалық комиссиясы мамандарын шақырдық.
ПМПК құрамында логопед- мұғалім, дефектолог - мұғалім, педагог-психолог, психиатр- дәрігер жұмыс жасайды. Олардың бәрі бірінші және жоғары біліктілік санаттары бар мамандар. Балаларды зерттеу ата-аналардың рұқсаты бойынша және олардың қатысуымен өтті. Комиссия отырысы өтетін күні ата-ана баласымен бірге болып, мамандарға өзін қызықтырған сұрақтарды қойды. Баланы тексеріп болған соң мамандар ақыл-кеңес берді, бала бұдан әріде логопедпен оқуды қажетсінеген жағдайда, тіл дамыту үшін оған логопедтік пунктке жолдама берді.
Зерттелген және тіркелген білім алушыларды логопедтік пунктке алу жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Білім алушылар ды логопедтік пункттен шығару да жыл бойы, баланың ауызша және жазбаша сөйлеудегі кемшіліктердің қалпына келуіне қарай, іске асырылады. Сабақтар жеке де, топпен де өткізіледі.
Аудандық психологиялық-медицина-педагогикалық комиссия көптеген жылдар бойы жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде көптеген оң нәтижелерін көрсетіп отыр.
Құрметті ата-аналар! Балаңызға білікті мамандардың көмегі қаншалықты уақытылы көрсетілсе, оның келешек дамуы мен оқуындағы жетістіктерді көруіңіз де соншалықты жылдам болатынын естен шығармаңыздар.