«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күз мереке - күз береке» атты ашық тәрбие сағаты

30.09.2019
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, «Күз–мереке күз-береке» атты кешімізді бастауға  ұрықсат етіңіздер.
Топталған құстар қайтатын сынды,
Қия алмай бір ән айтатын сынды,
Көзіммен ұзақ ұзатып салып,
Тіледім аман қайтатын күнді, - дей отыра ортаға күздің алғашқы айы-қыркүйекті шақырамыз.
1-оқушы-Қыркүйек:
Ажарланып жер енді,
Түрлі түске бөленді,
Су сылдырап күледі,
Қамыс айтып өлеңді.
Мектебіне тағы да,
Келді бала сағына,
Білім өмір шырағы,
Жол көрсетіп тұрады.
2-жүргізуші:
Қазан-күздің дәл ортасы. Құстар қайтып кетеді. Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Ақырып» деп атайды. Дала жұмысы саябырлайды, қазан айын ортаға шақырамыз.
2-оқушы-Қазан
Сұрғылт мына қазанда,
Мұңайтады күн өңін.
Ерте тұрып азанда,
Серуен құрып жүремін.
Аспанды бұлт торлады,
Үдеп жаңбыр екпіні.
Жолаушыдай арбалы,
Алыстарға кетті үні.
1-жүргізуші:
Қараша-күздің соңғы айы,қыстың хабаршысы.Жердің топырағы тон болып қатып,өріс тарылады. Қазақ бұл айды «Қазан» немесе «Қауыс» деп атайды.Келесі,күздің соңғы айы қарашаны шақырамыз.
3-оқушы-Қараша
Әжеміздің бетіндей,
Тарам-тарам жол жатыр.
Қара шеңгел шетінде,
Қарауытып олжа тұр.
Еменді тұр тербетіп,
Ебі менен қыбына.
Жылтыр әйнек көл беті,
Коньки тақ та зымыра!
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Би: Дастархан
Осымен, қадірменді қонақтар «Күз мереке- күз береке» мерекесіне арналған шағын концертіміз аяқталды.
 
Камисс М.
Просмотров: 1274


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст