Инклюзивті білім беру Қазақстанның білім беру жүйесінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жетекші позиция алып, белсенді жүргізілуде. Бұл біз жерде өзге елдердегідей, балалардың барлық санаттарын (қалыпты дамыған оқушыларды денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге) бірыңғай білімдік үдеріске жұмылдыратын оқытуды, олардың ерекшеліктері мен оқуға қабілеттілік құндылықтарын тану, әр балаға барында сай және ыңғайлы болатын жеке және дифференцивті тұрғыдан келуді меңзеп отырмыз. .
Логопедтің инклюзивтік білім беру жағдайындағы жұмысында бір қатар ерекшеліктер бар:
Диагностика ерекшелігі:
-баланың сөйлеу және психикалық даму деңгейін анықтау;
- алған нәтижелерге сараптама жасау;
Түзету-дамытушылық ерекшелектер:
- жеке –бағытты тұрғы;
-жүйелілік принциптері;
- жетіспеушілік құрылымын есепке алу;
Сараптамалық ерекшелік:
- қызметінің оң және теріс тұстарын ажырату;
- баланың даму динамикасын қадағалау.
Логопед диагностикасы негізінде, басқа мамандармен бірлесіп, жеке ерекшеліктерін ескерумен баланы жеке дамыту жоспары құрылады, білімдік бағыты белгіленеді, ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалардың үлгермеу себептеін болдырмау немесе жою бойынша стратегиялар мен қолданылатын шаралар дайындалады.
Қосымша білімдік қызмет түріндегі логопедтік көмек — инклюзияны заманауи білім беру мекемесінің қызметіне енгізудің жеке үлгісі болып табылады.
Логопед - Ерденова А.Г.