19.11.2019
1 «А» сыныпта салауатты өмір салтын сақтау туралы маңызды тақырыпта әңгіме өткізілді. Бірінші сынып оқушыларымен бірлесе отырып денсаулық – әр адамның ғана емес, сонымен қатар, қоғамның баға жетпес байлығы деген өзекті тақырыпты талқыладық. Денсаулық білім алушыларға өз жоспарларын, негізгі өмірлік міндеттерін іске асыруға, қиындықтарды табысты жеңуге көмектеседі.
Сынып сағатын өткізу барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды. Бірінші сынып оқушылары ойындарға, жаттығуларға, талқылауларға белсенді қатысты, өз пікірлерін білдірді, сыныптастарының ойы мен жауаптарын толықтырды. Сонымен қатар, олар «Найди нужный предмет» ойынында елгезектік танытты.
Өз мінезін эмоционал с езінуге байланысты «стаканчик» ойыны мен көңіл көтеруге, эмоционалдық жағдайды оңтайландыруға арналған тыныс алу жаттығуларын қызыға орындады.
Шара өту кезінде пошташы Мойдодырдан келген тазалық сақтуға байланысты әр түрлі сұрақтар жазылған хат келді, балалар олардың бәріне дұрыс жауап берді.
Петухова Анастасия «Петя мечтает» өлеңін оқыды, өлең бәріне ұнады. Жиналғандар өлеңді тыңдай келіп, әдетте еріншек адамдар салақ келеді, және сабақта енжер болып, нашар оқиды. Олар тапсырмаларды орындамайды, кітап оқуды ұнатпайды, үй шаруасына көмектеспейді, сондықтан еріншек болмау, таза жүру керек деген тұжырым жасады».
«Эмоция по кругу» сәті шараны қорытындылады. Балалар бір - біріне мейірімділік, жақсы көңіл – күй сыйлады, жаттығудың ұнағаны сонша, оны қайталап жасады.
Сосын балалар «Мойдодыр» мультфильмін қарады.
Писклова С.Н., 1 «А» сын. сынып жетекшісі