Создавайте судьбу страны вместе со всем народом
Н.Назарбаев
Біз Елбасымыз белгілеп берген, ұлт жаңғыруын паш ететін «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды көздейтін ауқымды тарихи өзгерістер заманында өмір сүрудеміз. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын зерделеу мақсатында «№1 орта мектеп» КММ қала мектептері оқушыларының қатысуымен жоғары сынып оқушылары клубының отырысы өткізілді. Жоғары сынып оқушылары клубының отырысына Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Тажденова Қорлан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Атбасар қаласының құрметті азаматы Самакишин Василий Григорьевич, «Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Муканов Қанат, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Михель Юлия Андреевна, Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, «Қазақ тілі және мәдениет» этно - мәдениет орталығының төрағасы Шайхин Серік Заманұлы, ҚХКП төрағасы Тубеков Еспембет, «Вайнах» шешен - ингуш орталығы басшысы Асаев Дин - Магомед Адамович, Нестеренко Александр Николаевич - жедел жәрдем бөлімшесінің басшысы, «Целина» қоғамдық бірлестігі басшысы Пелих Наталья Михайловна тәрізді құрметті қонақтар қатысты. Жиналғандар алдында Тажденова Корлан Хасеновна өз сөзінде: «Сіздер күш қуаты мол, патриоттық сезімі жоғары, елімізді көркейтуге, ауданның дамуына зор үлесін қосатын, бәсекелестікке қабілетті Атбасар ауданының зияткерлік әлеуеті болып табылатын көшбасшысыздар. Еліміздің мығымдығын, мемлекет іргесінің беріктігіне үлес қосатын талант пен жалын, қайрат Сіздердің бойларыңызда жалындап тұр», - деп жастарды жігерлендірді. Тұлғаның рухани байлығын арттырудың басымдық бағыты туған елдің тарихына деген қызығушылықты қалыптастыру болып табылады. Тарихи сабақтар қазақстандық жас ұрпақтың дүниенің түкпір – түкпірінде танымал, қадірлі еліміздің, халықымыздың тарихи құндылықтарын сақтаушы, елінің шынайы патриоттары болып қалыптасып келе жатқанын дәлелдеп те отыр. Осы ең басты постулаттар оқушылардың шығармашылық жобаларында көрініс тапты. Жоғары сынып оқушылары топпен жұмыс жасай отырып Президентіміздің: басты бағыт - дамудың латиницаға көшу; жаңа гуманитарлық білім; «Туған жер»; «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»; «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»; «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын жан – жақты талқылады.
Шараны жүргізушілер - Балекбаева Айгуль Аманжоловна, Дюсенбеков Канат Кажмуханович оқушылардың басты назарын қоғамдық сананы жаңғыртудың өзектілігін ашуға және мемлекет басшысымен ұсынылған жобаларды жүзеге асыру мен келешек даму жағдайына аударды. Пікірталас, диалог алаңқайында жоғары сынып оқушылары өздерінің шешендік өнерлерін, эрудициясын, қорытынды жасау, өзіндік ой қалыптастыру біліктерін көрсетумен қатар, ең бастысы қазіргі күні заманауи ортада болып жатқан ішкі саяси өзгерістер мен үдерістерге өздерінің қатысы бар екенін дәлелдеп берді. Атбасар ауданы білім бөлімінің басшысы Н.Г. Наймушина жоғары сынып оқушылары клубының отырысына белсенді қатысып, өз жобаларын ағылшын тілінде қорғаған оқушылар: Абаев Д., Габдулхаков М., Кабильдинова Е., Гадамуров Ю., Тулегенова К., Оспанова Ж., Корнилова Ю., Громова А., Винс Т., Ярошенко В., Журсунова Ж., Савченко Ю., Калашенова С., Минзарь Л., Пьяных Д., Омашева У., Куандыкова М., Куандыков К., Сулейменов К., Букенесова Г., Кусаинова Д., Тасбулатова А., осы дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырып, өткізген тарих мұғалімдері: Балекбаева А.А., Дюсенбеков К.К., Кравченко И.В., Мартин Н.П., Коннова О.В., Аманбаева Р.Т., Жаксыбаев Н.К. мен отырыс қонақтарына сертификаттар тапсырды.
Жұмысына мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна басшылық ететін Рухани жаңғыру кабинетінің презетациясы өткізілді. Кабинетті безендіру қазақ халқының, Қазақстан деген бейбіт елде, бір шаңырақтың астында татулық пен достастықта өмір сүріп жатқан, ондағы түрлі этностар мен қазақ мәдениетінің бірегей, қайталанбас, өзіндік рухани әрі материалдық құндылықтар тұтастығын паш етеді. Бұл кабинетте жерлесіміз І.Есенберлиннің шығармашылық мұрасы ерекше орын алады. Сонымен қатар, оқушылар жас астана Астана қ. мерейтойына орай өткізілген республикалық және облыстық шығармалар сайысында жүлделі орынға лайық деп табылған өздерінің үздік қолөнер бұйымдарын, үздік шығармалары мен эсселерін орналастырған. Шығармалар сайысының жеңімпазы Сеитова Хадиша өзінің авторлық бағдарламасында: «Нет в мире ничего дороже, чем Родина. Родину нельзя выбрать. Можно лишь прикипеть светлой безграничной любовью на всю жизнь. Атбасар - это мой родной город. И мне не безразлично будущее моего родного города. Будущее моего города - мир, благополучие, свобода и процветание» деп жазған.
Қазақстандықтардың басты міндеті – еліміздің байлығын сақтау және ұлғайту, ел ішіндегі тұрақтылықты, толеранттілікті, ата – бабамыздан қалған рухани мұраны сақтау.