Жаратылыстану - ғылыми пәндер - білім беру саласының кілті, себебі заманға сай оқушыны бейімдеу және шыдамдылыққа бағыттау болып табылады. Бұл мәселе өзін аудандық химия пәнінен 21 ақпанда 2018 жылы «№1 орта мектеп» МММ семинарда көрсетті. Химия пәнінің мұғалімі Даржанова Алтынай Отузбаевна 7 «Б» сыныбында сын тұрғысынан ойлау стратегиясын әріптестеріне байқатты. Келген қонақтар - қала мұғалімдері сыныптан тыс химиядан өткізілген зияткерлік шашки турнирына тоқталды. 7 сынып оқушылары осы ойынның белсенді қатысушылары болды. Бұл жастардың химиядан нағыз зияткерлік сайысы болды.
Дене бітімінің саулығы, өнегелі - патриотты өсіру - келешек жастарды тәрбиелеудегі басты міндет. Аудандық семинарда Тугова Лариса Антоновна жоғары деңгейде дене шынықтыру сабағында өздік жұмыстың жігерлі ойыны баскетболды көрсетті. 5 «А» ыныбында өткізілген сабақ жаңа бағдарламаға сай жүргізілді. «Олимпиадалық эстафета» бұл сынып оқушылары үшін нағыз спорт мерекесіне айналып, күш, жігер, үйлесім мен жастықтың көрінісін білдірді. Спорт - қазақстандық жастар үшін старт алаңы емес пе?
Семинар жұмысы тағыда №1 орта мектепте нағыз шеберлер Тугова Лариса Антоновна мен Даржанова Алтынай Отузбаевналар екенін дәлелдеді. Келген қонақтар мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровнаға аудандық семинардың өтуіне үлкен ықпал жасағаны үшін алғыс білдірді.