Масленица дәстүр бойынша халық арасындағы ең танымал мерекелердің бірі болып есептеледі. Қызықты ойын-сауықтар, көңілді топтар, дархан жайылған дастархан – орыс халқының дарқандығының белгісі. Масленица аптасында мерекелік жәрмеңкелер мен базар ұйымдастырылады, түрлі ойындар мен сауықтар өткізіліп, мерекенің ең басты нышаны құймақ пісіріледі.
15 ақпан күні № 1 ОМ Масленица өткізілді. Скоморохтар түрлі әзілдерімен келген қонақтардың көңіл-күйін көтерді. Сауық бағдарламасы сыныптардың шығармашылық бағдарламаларымен жалғасты. Балалардың бәрі әзілкештердің ұйымдастырған ойындарына, сайыстарына, халықтық масленица сауықтарына қызыға қатысты.
Аталмыш мерекеге белсене қатысқан ата-аналарға алғыс айтқымыз келеді. Ата-аналардың қолдарымен дайындалған барлық тағамдар мейлінше тәтті болды!
Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар бірлесе отырып қысты шығарып салып, Көрікті көктемді қарсы алды, бұл мереке аса қызықты, жылылыққа толы шат-шадыман түрде өтті, ең соңында қыстың сұлбасы өртенді.