Ағымдағы жылдың 17 ақпанында №3 орта мектепте аудандық «Тіл дарыны» байқауы өтті. Жиналғандар тіркеуден өткен соң, акт залында салтанатты ашылу келген аудандық білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна қатысушыларға сәттілік тілеп, жүзден жүйрік жеңуін тіледі. Үш тілде өлеңдер оқылып, байқаудың қалай өтетіні жайлы ақпаратты жүргізушілер айтып болған соң, оқушылар әр кабинетке бөлініп, жұмыстарын бастап кетті. Сайысқа 8-11 сынып оқушылары қатысып, өз бақтарын сынады. Балалар «Полиглот», «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Жағымды әңгімелесуші», «Ең үздік мәнерлеп оқушы», «Отанымыздың патриоты», «Экскурсия жетекшісі», «Үздік каллиграфист», «Өнертаным», «Эрудит», «Жас ақын», «Тең шартта диалог» бағыттарында өз білімдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көрсете білді.
Біздің мектептен төрт қатысушы қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. 8-сынып оқушысы Кабильдинова Елара мен 10-сынып оқушысы Қалманбаева Қымбат 3-орынды, ал 11-сынып оқушысы Абаев Дэни жүлделі 1-орынды иеленді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Исина Гүлназ Рысбаевна мен Бақиянова Күнсұлу, орыс тілі мұғалімі Тоқтарова Гүлнар Қаскеновна, ағылшын тілі мұғалімдері Алиферкина Елена Борисовна мен Белинская Наталья Александровналарға зор алғыс білдіреміз!
Қатысушылар мен ұстаздарға шығармашылық табыс, қанаттарыңыз талмай биік шыңдардан көтеріле беріңіздер демекшіміз!!!