Текст
Әркез өзімізге ренжіген адамды кешірмесек, ішімізге түйіншектер тола бермек. Көп кешірілмеген реніш-бұл түйіншектер бізді мазалайды. Керісінше, біз, әрдайым біреуді кешірсек, көңіліміз жадырап шыға келеді.
2 «А» сыныбында «Кешірім» сабағы өтті. Балалар сыныптастарының қателіктерін кешіріп, нағыз дос болды.
Ренжігенді кешіріп, бізде жан - дүниеміз бен күш-қуатымыз артып, қиындықтардан құтылдық. Өміріміз тыныш, жадыраңқы, мазмұнды болмақ.
Болмашы жағдайларға орай жақындарыңызбен ренжіспей, кешіріп, кешірім сұрауға ұялмаңыздар.