Ішкі істер жұмысын сапалы мамандандырылған мамандармен сұрыптау бағытында обылыс аумағына Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орнына түсу шартымен таныстыру үшін арнайы топ шықты.
6 ақпан 2018 жылы аудандық Мәдениет Үйінде 9-11 сынып оқушылары және студенттермен Ақмола облысы ІСД ақпараттық – насихаттау тобымен кездесу өтті. Ақпараттық – насихаттау тобы қазақстандық полицияның жұмысының оңай еместігіне тоқталды. Ішкі істер жұмысының мәртебесін көтеріп, жақсы жұмыс жасағаны шін Жұмаенова Күнім Абдысалықовна және Атбасар ауданының психологы Жақсылықова Гүлизат Сабитовна алғыс хатпен марапатталды. Тәрбие және психологиялық дайындау полициясының бастығы Қалиева Аягөз сөз сөйледі. Жиналғандарға Қазақстандағы ІСД дайындаған ЖОО бейнефильмі көрсетілді. Соңында Ақмола облысы бойынша ІСД дайындаған концерт болды.