2018 жылы ақпанның 2-сі күні «№1 орта мектебі» КММ де ағылшын тілі онкүндігі аясында аудандық семинар өтті. Салтанатты безендірілген мәжіліс залында онкүндіктің ашылуы болды. Онкүндіктің ашылуын тәжірибелі, өз ісінің кәсіби шеберлері Алиферкина Елена Борисовна, Белинская Наталья Александровна дайындады. Мектеп директоры Чуркина Татьяна Александровна қошеметтеп сөз сөйледі, оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі Бекова Любовь Герихановна семинардың жұмыс жоспарымен таныстырды.
9 «А», 11 сынып оқушылары мектеп қонақтарын ағылшын тілінде өздерінің әдемі және лайық сөздерімен қошаметтеді. Қатысушылар ағылшын тілінде өлеңдер оқыды, қонақтарды мектептегі қызықты, есте қаларлық оқиғалармен таныстырды, ағылшын тілінде мақал-мәтелдерді де айтты. Мұғалім Нурманова Алия Нурлановна 5 «А» сыныбында өткізген «Мusic» ашық сабағында оқытудың әр түрлі формаларын, жеке жұмыстарды, көрнекіліктерді тиімді қолдана білді. Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, естіген мәтіндердегі ақпараттарды тыңдай отырып, өздерінің пікірлерін еркін айта білді. Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарын бағалау парағының көмегімен «Бағалау ағашын» безендіру арқылы бағалады.
7 «А», 7 «Б» сынып оқушылары арасында «Scholar» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шараны биология мұғалімі Сатемирова Бахыт Калимтайқызы және ағылшын тілі мұғалімі Нурланова Алия Нурланқызы дайындады. Ойын оқушылардың ағылшын, қазақ, орыс тілдерін және биология пәнін меңгеруіне, логикалық ойлауды дамытуға, коммуникативтік құзыреттілік дағдыларына, ақылға қонымды және қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ынталандыруды арттыруға ықпал етті.
Келген әріптестері ағылшын тілінің мұғалімі Нурманова Алия Нурлановнаның жұмысын жоғары бағалады. Сабақ жаңартылған білім мазмұнын оқытудың заманауи әдістерінің барлық талаптарына сай келді.