5 ақпан 2018 жылы біздің мектепте аудандық «Сабақты белсенді оқыту әдістемесі – математика мен нақты ғылыми білім сапасын көтеру кепілі» семинар өтті.
Семинар жұмысы математика, физика және информатика ӘБ мұғалімдері дайындаған онкүндіктің ашылуымен басталды. Аудандық ББ әдіскері Едрисова Р.Б. жиналғандарға сәттілік тілеп, онкүндікте өткізілетін барлық іс-шараға қатысуға шақырды. Келген қонақтарды мектептің оқу-ісінің меңгерушісі Бекова Л.Г. семинар жұмысымен таныстырды.
Қадырбекова Г.Х. 5 «А» сыныбында математикадан «Ондық бөлшектерді қосу мен алу» ашық сабағын өткізді. Мартин С.В. 6 «А» сыныбында информатикадан «Мәтінді өзгертудің негізі тәсілдері» атты сабақ берді. Семинар соңында «Жүзден бірге» ойыны жүргізілді, оны дайындаған: Кравченко О.В., Қадырбекова Г.Х., Мартин С.В..
Семинарды қорытындылай келе жиналған қонақтар көп жақсы пікірлер айтты. Семинарда сабақтарға және тыс шараға оң баға берілді.